Іздеу

Деректерді қорғау

Бұл сайтта cookies қолданылады. Жалғастыру арқылы сіз біздің Құпиялық саясатына, және Келісім шарттарына келісесіз

Түркістан облысындағы "Атажұрт" белсендісі бес күнге қамалды

15 қаңтардың кешінде Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында тұратын Бағдат Тоғыспаевты жергілікті полицейлер күштеп ұстап әкетіп, сол күні аудандық сот оны бес күнге қамау туралы қаулы шығарған. Оған белсендінің былтыр қазанда салынған айыппұлды төлемегені себеп болған. Тоғыспаев өзін "Атажұрт" мүшесі деп таныстырады.
Туыстары жіберген видеода қас қарайған мезгілде полиция өкілдері Тоғыспаевты күштеп қызметтік көлікке отырғызбақ болғаны, оның әйелі мен әке-шешесі жанында шырылдап жүргені байқалады.
Тоғыспаевтың әйелі Ақбота Сейдалиеваның сөзінше, полиция ұстауға қаулысы барын айтқан, бірақ оны көрсетпеген. Оқиға кешкі 18:30 шамасында болған.


– "Бағдат" деген дауыстарын ести сала қолымдағы заттарды тастап жүгіріп шықтым. Сөйтсем күйеуімді сүйреп әкетіп бара жатыр екен. "Қаулымыз бар" дейді, бірақ оны көрсетпеді. Қолымызға ешқандай қағаз ұстатқан жоқ. Телефонға түсіріп алайын дегенімде "түсірмеңіз" деді. Телефонды қолымнан тартып алмақ болды, – деді Азаттыққа Сейдалиева.
Оның сөзінше, полицейлер Тоғыспаевты Леңгірдегі полиция бөліміне алып баратынын айтқан. Бірақ Сейдалиева күйеуін іздеп сол бөлімге барғанда оны басқа жаққа әкеткені белгілі болған.


– Олардан 10-15 минуттан кейін барсам, онда жоқ екен. Алдында екі сағат күттім. "Әне келе жатыр, міне келе жатыр" деп мені алдады. Екі сағаттан кейін "Түркістанға алып кетті, қайта беріңдер" деді. "Мақұл" деп қайтсақ, Түркістанға алып кетпеген екен. 22:30 шамасында күйеуім солардың телефонымен хабарласып, Сарыағашқа алып бара жатыр деп жылы киімін әкеліп беруді сұрады. Жеңіл киіммен, аяқ-киімсіз алып кеткен, – деді белсендінің әйелі Сарыағашқа жол жүруге қамданып жатқанын айтып.
Сейдалиева ұстауды күйеуінің әлеуметтік желідегі жазбасымен байланыстырады.

Алдыңғы жаңалық
Уақытты басқару

Тақырыпқа қатысты:

Пікірлер (1)

  1. Duman
    Duman 2 ай бұрын
    sss

Пікір қалдыру